Автобустың іші адам лық толға – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Автобустың іші адам лық толға» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Автобустың іші адам лық толған,
Уақыт кештің шамасы еді түнге ауған.
Сол көлікке мінді жұмбақ бір ару,
Көзіне жас, қабағына мұң қонған.
Қолаң шашы қара түндей әдемі,
Жайын біліп жақындағың келеді.
Ақ саусағы, алақаны - орамал,
Мөлдір тамшы жасын сүрте береді.

Жай бір кезде бәріміз де қылжақпыз,
Толы көлік. Мұңмен жалғыз жұмбақ қыз.
Жанын жеген жарасымен алысып,
Кетті түсіп, көше бойлай сұңғақ қыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері