Ұзақ күннің батырдым тағы бірін
- 0
- 0
Ұзақ күннің батырдым тағы бірін,
Ойларымның сен жайлы бәрі бүгін.
Ертең тағы ойлаймын жалғыз сені,
Солай тағы өтеді ары күнім.
Бұл бетте «Сені ұмыту мүмкін емес» атты Мықтыбек Оразтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұзақ күннің батырдым тағы бірін,
Ойларымның сен жайлы бәрі бүгін.
Ертең тағы ойлаймын жалғыз сені,
Солай тағы өтеді ары күнім.
Білем сенің мүлде басқа байламың,
Жағдайымды ұқтыра алмас жайдамын.
Кісікиік боп барады тағдырым,
Айтам сосын жұлдызға сыр, Айға мұң.
Бір мұңыма ұласады бір мұңым,
Күйін кешіп жүрген жанмын жындының.
Сезім деген оп-оңай-ақ болса ғой,
Көрсететін киносындай үндінің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі