АЛЫСТАҒЫ АРМАН
Жанарыма үйірілген шер-мұңды,
Сиретем деп жігерім де болдырды.
Елеңдетіп, алаңдатып өзіңе,
Алабұртып қоясың ғой көңлімді.
Мықтыбек Оразтайұлы жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Жанарыма үйірілген шер-мұңды,
Сиретем деп жігерім де болдырды.
Елеңдетіп, алаңдатып өзіңе,
Алабұртып қоясың ғой көңлімді.
Мылқау түнде естілмейтін күй тыңдап,
Отырсың-ау, ой шаршатып, ұйқың қап?
Таң атқанша ұйықтамасын дегендей,
Әлдебіреу қойды ма екен сиқырлап...
Жасырды да аппақ, әсем келбетін,
Ай тұтылды, түнек басты жер бетін.
Қалқалады екен оны қандай күш?
Өкпелетіп қойған шығар әлдекім...
Күн кешемін бір ұтылып, бір ұтып,
Сезімімді суытып бір жылытып.
Сені ұмыту мүмкін емес деп қоям,
Мүмкін емес нәрсе жоғын ұмытып.
Елеместен қас-қағым, аз ғұмырды,
Күздің ала бұлттары мәз бүгінгі.
Бәрі өткінші. Жалаңаш қалды ағаштар,
Сұлулығын жоғалтып жаздыкүнгі.
Ен байлықсыз өмірдің мәні жоқ па?..
Жаңғырығы жететін әлі ұзаққа,
Келіншектау туралы хикаят бар,
Құлақтының біледі бәрі жатқа.
Мына мезгіл қалай әсер етеді?
Сарғыш тартты анау қырдың етегі.
Саған деген сағынышым солайша,
Салқын желмен құрақ ұшып жетеді.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі