Бұл бетте «Ақ көгершін» атты Нығмет Баймұхамедов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған: Нығмет Баймұхамедов
Әнін жазған: Ахмет Жұбанов
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына,
Сенен көзын алмайды,
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды,
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің,
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің,
Қайт шыңына қонақтап.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі