Бұл бетте «Қошақаным қайда екен?!» атты Сабырхан Асанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған: Сабырхан Асанов
Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
Жазда апамның ауылына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Ойнап шықты жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайы ай ма екен?!
Шекер ме екен, бал ма екен?!
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?!
Демалыста өзіңді,
Тағы іздеп барамын.
Бір қошақан бәрі бір,
Сені тауып аламын.
Қайырмасы:
Қозыларым жүр ме екен?
Ерке сұлу сол ма екен?!
Мені қашан келер деп,
Сағынып ол жүр ме екен?!
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі