Бұл бетте «Бақытты балалық шақ» атты Қайрат Ағыберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған: Қайрат Ағыберген
Әнін жазған: Дүйсенхан Сыздықов
Балбыраған балауса балғын күнім,
Қандай әсем тамаша жарқын күнім.
Бал дәуренім шіркін тәтті күн,
Балалығым ерке пәктігім.
Қайырмасы:
Балалық шақ қызық көңілді,
Сүйем шексіз ғажап өмірді.
Бақытты менің балғын шағым,
Арманым менің шаттық әнім.
Жарқырайды жұлдызым, жарқырайды,
Сүйем мақпал түнді осы жарқын айды.
Алаулап атқан әрбір таңым,
Жетелейді алға шаттық әнім.
Қайырмасы:
Балалықтың думаны базарында,
Қуаныш бар, шаттық бар ажарымда.
Еркелеймін мен жан анама,
Еркелеген гүлдей далаға.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі