Бұл бетте «Айта көрме басқаға» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болыпты үлкен масқара,
Айта көрме басқаға.
Ұят-ау жұрт естісе,
Естімесін еш кісі.
Тараса бұл жаманат,
Жаға ұстасып жамағат
Бәрі қайран қалады-ау,
Естерінен танады-ау
«Дүрлігерлік сонша адам
Не боп қалды мұншама?!
Не боп қалды жұртым-ау»,-
Деп сұрауың мүмкін-ау!
Болыпты үлкен масқара,
Айта көрме басқаға.
Мұрат бізге көрші еді,
Кей мінезі ерсі еді
Өзі-өзінен шатасып,
Ренжітті атасын.
Жұмсаса тіл алмапты,
Атына шөп салмапты
Ұят-ау жұрт естісе,
Естімесін еш кісі.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі