Бұл бетте «Ұялшақ» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
- Не болды бұл балаға,
Неліктен ән тиылған?
- Мөңіреген далада
Ұялады ол сиырдан.
Ән салшы деп қиылсақ,
Ұялады тықырдан,
Жұрт көзінше ұялшақ,
Басын төмен тұқырған.
Әр нәрседен қорыққан,
Шыға алмайды кешке үйден.
Ұялады тауықтан,
Ұялады ешкіден.
Көре қалса тершіген,
Ұялады бақадан.
Ұялады көршіден.
Көрші бұған жат адам.
Ұялады күннен де,
Ұялады айдан да,
Тіпті ойыншық пілден де,
Ұялады бұл демде.
Ұялады ит үргенде,
Ұялады жүргенде,
Ұялады аттан да.
Ұялады жатқанда.
Терезені жабыңдар
Есікті де жабыңдар.
Бәрің кетіп қалыңдар,
Барлық шамды жағыңдар.
Біздің қыздың мінезін,
Ал, халайық, баршаң ұқ:
Жеке қалса бір өзі
Берер саған ән салып
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі