Бір ағайға – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бір ағайға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2227
Оңай ма екен сүйген жардан айрылу,
Көкіректі қарыс айырар қайғы у.
Алпыс асып, таянғанда жетпіске
Мұз жүректі жібіте алар қай жылу.
Алдыңғының сырын шерткен соңғыға,
Ол барында шешен еді домбыра.
Ол барында жарық еді қара түн,
Ол барында тегіс еді жол мына.
Секілді бір кітапхана мүйісі,
Ол барында базар еді үй іші.
Ол барында бөлмелерден келетін
Гүлдер менен жастық шақтың иісі.
Жаз — өмірдің қандай қорлық қысқасы,
Қылқияды борандатқан қыс басы.
Жазың өтіп, күзің кетіп қалғанда
Өзіңді-өзің енді берік ұсташы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ағайға өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бір ағайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ағайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ағайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері