"Білгіш" бала
Бұл бетте «"Білгіш" бала» атты Есентай Ерботин жазған бала туралы өлең берілген.
Қайдан келген бұл бала,
Өзін білгіш санайды.
Бізді көрсе бұлдана,
Шекесінен қарайды.
Білетіні көп екен,
Түйе айдаса, «шек» дейді.
Түйенікі жөн екен,
Оған елең етпейді.
Қолына алып қурайды,
Ешкі айдаса, «шөк» дейді.
Естімеген мұндайды
Ешкі тыпыр етпейді.
Мағынасын айырып,
Сөйлеуді өзі білмейді.
«Жылқы күйіс қайырып»,
«Сиыр жусап тұр»,– дейді.
Жұрттан сұрап дұрысын
Білсе несі кетеді...
Құптамайды бұл ісін,
Ауыл мазақ етеді.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі