Жанкүйер – Есентай Ерботин

Бұл бетте «Жанкүйер» атты Есентай Ерботин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Шайба! Шайба!»-лап, —
Айғайлаиды Шаймұрат.
Өзі, коньки теппейді,
Ойнамайды хоккейді.
Хоккейшілер жанынан
Күні бойы кетпейді,
«Шайба! Шайба!»-лап, —
Әне, тағы тұр Шаймұрат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері