«А» мен «Б» әріптер туралы өлең
Бұл бетте ««А» мен «Б» әріптер туралы өлең» поэзия туралы өлең берілген.
А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.
О - кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
В - әрпі.
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
Ы - әрпі.
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
І - әрпі.
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
З - әрпі.
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ү - әрпі.
Үйрек десе - бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Г - әрпі.
Егіз десе - екінші,
Сегіз десе - үшінші
Ө - әрпі.
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
П - әрпі.
Ата - анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Ф - әрпі.
Қос бүйірін таянып
Тұратын ол қай әріп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі