Бұл бетте «Нала мұңым» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нала мұңым,
Аңсап жүр дала гүлін,
Ақ арыма дақ түсті,
Аттамай-ақ ешкімнің ала жібін.
Сенделемін,
Бар күнәм жерде менің.
Ұғуға да келмейтін
Түсінуге,
«Ақын» деген кінәмшіл
Пендең едім.
Өлгенім де белгісіз
Өлмегенім.
Арман әнім,
Кештім талай
Тағдырдың қар боранын.
Алдағанын, біреудің
Арбағанын
Айтпай-ақ аңғарамын.
Түсінгенім –
Таусылмайтын сияқты
Күшім, демім.
Өңімде ылғи болып жүр –
Түсімдегім.
Атап жүрген «бақыт» деп
Жақсылықты
Тек қиялда суреттеп,
Мүсіндедім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі