Тағдырымның түсініп өктемдігін
Бұл бетте «Тағдырымның түсініп өктемдігін» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдырымның түсініп өктемдігін,
Қатыгездеу болып тым кеткем бүгін.
Сүйенетін бір жан жоқ сүрінгенде,
Жақсылыққа тек өзің жеткер Күнім!
Күн не білер көктегі төккен нұрын,
Күнделіктен ақтарам беттерді мың.
Сар далада сарғалдақ теріп кетіп,
Құшып өлсе, арман не көктем гүлін.
Ешкім сенің ұғынбас жаныңды бір,
Таяп келе жатыр ғой жарым ғұмыр.
Қимасаң да бағың мен бақытыңды,
О, Жасаған, жырымды жалынды қыл.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі