Томаға-тұйық күн кешіп
Бұл бетте «Томаға-тұйық күн кешіп» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Томаға-тұйық күн кешіп,
Жырымды жүрем жұбатып.
Санамды шайқап түн бесік,
Өмірді кеткем ұнатып.
Арманға сенгем алдамшы,
Жанардан саулап көлшігім.
Тұншығып іште жан даусы.
Бұлқынып барып көншідім.
Тағдырдың сыйын қабыл ап,
Осыған тәубе деген ек,
Бір Тәңір куә, жаным ақ,
Мен де бір көзсіз көбелек.
Не дермін, не деп кінә артам,
Жазғыруға да жоқ себеп.
Бір жанға үнсіз құмартам,
Дәл менше сүйіп кетсе деп.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі