Бұл бетте «Дөңгелек» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дөңгелек Ай көктегі дөңгелек күн,
Төніп тұрар үстінен дөңгелектің.
Дөңгелек көз ішінде дөңгелек жас,
Мен де сені неше рет дөңгелеттім.
Дөп-дөңгелек әлемнің дөңдерінен,
Бара жатыр көңілсіз дөңгелеп түн.
Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,
Солар білер өмірдің өр, белесін.
Дөңгелетіп өрмекші тор салады,
Кейбіреулер көңіл де бөлмегесін.
Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,
Дүние ыстық, өмір сол өлмегесін.
Таусылғанда талқаның пенде ғұмыр,
Дөңге қарап жалған деп көрге енесің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі