Бұл бетте «Күзгі жаңбыр» атты Роза Сейілхан жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жанымды жабықтырды.
Естіп тұрдым туу, көктің жылағанын.
Тереземді тамшылар қағып тұрды.
Елес беріп сұлбасы бір ағаның.
Күлген болдым, жүрегім қуанбады.
Оймен кезіп шаршадым ертегі елін.
Оны көріп көңілім жұбанбады,
Басқа жанға келді ме еркелегім.
Көлгірсуді өзіме ар санап ем,
Бақытымның күткен соң баяндысын.
Шөлім қанбас, амал не тамсағанмен,
Алайда, аға, бәрібір аяулысың.
Ақымақпын ұқпайтын, ұға алмайтын,
Әлім де жоқ, бітуге таяу күшім.
Сөйлеспесе, көрмесе тұра алмайтын,
Жан екенсің бәріне аяулы шын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі