Бұл бетте «Арпалыс» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегім, қорқытпашы дүрсіліңмен,
Онсыз да күндер өтті күрсінумен.
Мен осы қаншама рет құлап тұрдым,
Көз ашпай кедергіден кіл сүрінгем.
Өмірдің күтіп алып ағыстарын,
Келмеген өктемдерден қалыс қалғым.
Сыр тұнған көңілімнің көлеңкесін,
Тағдырым, бір өзіңе табыстадым.
Алдасын күліп тұрып ұнағандар,
Дос та жоқ, жабырқасаң шын алаңдар.
Ұға алмай дал боласың кім екенін,
Жұмбақ қой шешуі жоқ бұл адамдар.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі