Тағдырға артпай кінәнің бәрін – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Тағдырға артпай кінәнің бәрін» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тағдырға артпай кінәнің бәрін,
Өзіңді күткем сенделіп.
Аузыма келіп сыраның дәмі,
Жылағам жандай боркемік.
Келмейтініңді біліп тұрсам да,
Қимайтынымды білдіргем.
Түк болмағандай күліп тұрсаң да,
Ұмытарыңды кім білген.
Жақсы еді-ау, сенің көрінбегенің,
Көргенде шалқып көңілденемін.
Күндердің бәрі көңілсіз емес,
Тәп-тәтті болып өмірде керім.
Есіктің әрбір тырсылын бағып,
Елеңдеумен-ақ күн өтер.
Кетпеді-ау, Тәңір қырсығымды алып,
Шын сүю мені күң етер.
Ақылды санап өзгенің бәрін,
Ақымақ болып жүргенім.
Қиянаттарға төзбеді ме мұң,
Тынышталғандай түндерім.
Мен бірақ мүлде өкінген емен,
Көгімде Жұлдыз, Айым бар.
Тәңірден жалғыз өтінгем Өлең,
Мақұлдап тұр ғой қайыңдар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері