Бұл бетте «Қанатында жылдардың» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастығым, сені армансыз құшып келем,
Жан өртең, жалыныңа ысып денем.
Жыр орап жүрегіме
Жылдам аққан,
Жылдардың қанатында
Ұшып келем.
Ой алау, оңтүстіктің аспаныңдай,
Жетсем деп ортаңызға қас-қағымда.
Япыр-ау, күнде көрсең
Көңіл тоймас,
Сұлу қыз, сері жігіт,
Жақсы ән мұнда.
Сапарым, көптен күткен басталдың ба,
Жанымды жадыратар батсам мұңға.
Жылдардың жүздерінде
Қалар ма екен,
Іздері осынау ғажап
Шақтардың да.
Жастығым, сені армансыз құшып келем,
Жан өртең, жалыныңа ысып денем.
Жыр орап жүрегіме
Жылдам аққан,
Жылдардың қанатында,
Ұшып келем.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі