Ұнатамын – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ұнатамын» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұнатамын,
Бәрін де ұнатамын.
Ай сәулесін, ажарын,
Бұла таңын.
Тамшыларын,
Жаңбырдың моншақтарын.
Өр таулардың белесін,
Жол, соқпағын.
Өзен-көлді,
Шәрбатын ақ бұлақтың.
Ақ жусанын, жуасын,
Көк құрақтың.
Аймалаған самалды,
Шашымды өбіп.
Көк отты да, жоғалған,
Жасынға еріп.
Бұлдыраған алыстан
Сағымды да,
Тұла бойда маздаған
Жалынды да.
Дүниенің кеңдігін
Көк аспанды,
Көк теңізді бәрін де
Бәрін мына.
Не табамыз көңілге
Кірбің алып,
Өмір, өмір өтеді
Сырғып ағып.
Махаббаттың орнына
Жүрегімде
«Өлең» атты отырмын
Жырды жағып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері