Күлкілі – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Күлкілі» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күлкілі,
Сағынғаным да,
Жылағаным да күлкілі.
Ұйқыға сараң түнімнің,
Айқасар емес кірпігі.
Бір күні,
Өтеді бәрі бір күні,
Кетеді бояу, жылтыры.
Аялап қалғым келеді
Сезімді өлі, бір тірі.
Күн-түні,
Ойлардың қинап түр-түрі,
Армандарымның тірлікте,
Жоқ па деп қалам мүмкіні.
Сыртылдап өмір өткенмен,
Сағаттың тоқтап тұр тілі.
Елес бұл,
Елес те емес, сағым бұл.
Тірлікте көп-ақ жар, үңгір.
Бүп-бүтін сыртым болғанмен,
Өртеніп ішім жанып жүр.
Жоқ бәрі,
Жанып тұр іште от та әлі,
Шаршатты жоқ, жоқ, жоқтары.
Өмірдің мынау онсыз да,
Ауырлау екен соқпағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері