Бұл бетте «Көктөбе» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктөбе,
Көкшіл көк өзен.
Көгіне көк бұлт байлаған.
Көркіңе құрғар кенезем,
Аумай бір қалған айнадан.
Қызғалдақ теріп сарғалдақ,
Жүгірген бұйрат белдерім.
Сұп-сұлу болып жанды арбап,
Кірпікті жуды кермегім.
Өзіңді жүрмін сағынып,
Балалығымның куәсі.
Жүрегім кетсін жарылып,
Хәлімді келіп сұрашы.
Тобылғы түстес тағдырым,
Тобама келсем кеш мені.
Бұралған белде тал бұрым,
Алаңмын сені кескелі.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі