Жаназасын шығардық жаздың кеше – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жаназасын шығардық жаздың кеше» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаназасын шығардық жаздың кеше,
Жапырақсыз ағаштар, азғын көше.
Сұп-сұр үйлер, сұр қала сұрқы қашқан,
Мұңдандырар жақсы өлең жазғың келсе.
Бір сыр бүгіп ішіне жымысқы күн,
Аяқ асты аяп қап тұр ыстығын.
Боз таң зорға атады саналыға,
Жер бетінің тілесе ол тыныштығын.
Қара суық өңмеңдеп жағадан ап,
Сезімімді тонады баладан-ақ.
Сырты бүтін тірлігім қаңғырып жүр,
Өзі жарым жүрегім жаралап ап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері