Көктем сұлу келеді
Бұл бетте «Көктем сұлу келеді» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Далаға жайып көк жібек,
Өзен боп өзі мөлдіреп,
Гүл болып қызыл желбіреп,
Көктем сұлу келеді,
Құшағын жайып елжіреп.
Жыл құсымен қиқулап,
Бұлағымен бұрқылдап,
Көктем сұлу келеді,
Балбыратып денені,
Бойды билеп, сиқырлап.
Жанында бұлақ гурілі,
Жапырақтардың дірілі,
Өзеннің ерке сыбыры,
Көктемді алды көтеріп,
Жаны көктем жыр ұлы.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі