Жалғыздық – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мекеніне құстар қайтты тізіліп,
Сияқтанып мендік мұң.
Құс болғым кеп қарап тұрдым қызығып.
Оларды да келді ұққым.
Бұл жолы да қоштаспады Күз, Үміт,
Сағынбайды мені ешкім.
Жүрегімнің бар тамыры үзіліп,
Кейпіне ендім елестің.
Іздегенім табылмады бұл маңнан,
Күйін кештім жалғыздың.
Мендік тағдыр, ауырлау ма деп қалам,
Тағдырынан бар қыздың.
Жалғыздық – тек жарасқан деп Құдайға,
Кінәлаған жұрт кілең.
Жерді құшқан жапырақ та жылай ма?
Түсі неге күп-күрең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері