Бұл бетте «Төртеу» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төрт қабырға, төрт шумақ өлеңімде,
Осы екеуі көргенім, қорегім де.
Таса болсаң көзден сәл ұмытады,
Қадірлейді сені жұрт керегіңде.
Бәрі солай болады керегінде,
Бәрі жақсы көрінер кемелінде.
Түгендеп ап төрт көзін жақыныңның,
Арыздасып қаларсың өлеріңде.
Сенбесің де қас-қағым сенерің де,
Жеңбесің де беймәлім, жеңерің де
өнерің де, қалады өлеңің де.
Бәрі жалған екен ғой,
бұл өмірде,
Бәрі алдамшы екен ғой мына өмірде.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі