Бұл бетте «Маған түк ұнамайды» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маған түк ұнамайды,
Кінәлай беретінің.
«Өмірде сен емес пе ең,
дедің ғой сенетінім».
Жан-тәнім жанады үнсіз
Күліндей темекінің.
Құр сүлдем қалды емес пе,
Бермейсің неге тыным.
Сорың боп жолыққамын,
Айыпта, айыптасаң,
Іздер ме ең..?
... Іздер едің!
Егер де, ғайып болсам.
Сүймеуге хақың бар ма?
Сүюге лайық болсам.
Өбеді тереземді
Өртеніп батқан арай,
Соңыңнан ерем үнсіз,
Шақырған жаққа қарай.
Содан соң отырамын,
Өзіме-өзім жекіп.
Кінәлі болам қайта,
Алдыңда ақтала алмай.
Білесің, түсінесің,
Бәрін де ұғынасың,
Мен сенің қанықпын ғой,
Жаным-ау, сырыңа шын.
Қайтадан кінәлайсың,
Тентектің ісі мәлім.
Түсінсең, мен сен емес,
Өзімнен қысыламын.
Бағалай білсең егер,
Саған сый ұсынамын,
Бақытқа мас қылам да,
Аспанға ұшырамын.
Кешірем, барлығын да,
Тағдырға кінә артпаймын.
Жаныңды жақсы көрем,
Өзіңді ұнатпаймын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі