Мен өмiр, саған құмармын –
Роза Сейілхан
Бұл бетте «Мен өмiр, саған құмармын» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрiнен шаршап кеткен шығармын,
Көз алдым сағым буалдыр.
Өткендi аңсап кеткен шығармын,
Жан-тәнiм боздап жылап жүр.
Шын сүйген жаннан сыр алдым,
Өзгелер оған ұнап жүр.
Қаламға келiп жүгiндiм,
Еркiме көнбей құнан жыр.
Жасандылығым жоқ сияқты едi,
Өтiрiк күлетiндi шығардым.
Бойыма жиып соңғы жiгердi,
О, мен әбден-ақ сыналдым.
Жанымды мейлi, жасыта бершi,
Мен, Өмiр, саған құмармын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі