Құмға сiңген тамшыдайын – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Құмға сiңген тамшыдайын» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құмға сiңген тамшыдайын,
Көрместер бар жан шырайын.
Әппақ айым туар әлi-ақ,
Сәл шыдайын, сәл шыдайын.
Төзiмiмдi қамшылайын,
Көңiлiмдi бар сұрайын.
Шық сiңiрген қауызына,
Жауқазын боп аршылайын.
Не тындырдым, не бiтiрдiм,
Түйсiгiмдi ал, сынайын.
Әшекейлеп жыр кестенi,
Ұнап, жанмен үндескенi.
Қинады, әттең, тағдырыммен,
Шын сезiмнiң күн кешкенi.
Өмiр, өлең ұқсамайды,
Құсқа айналып, құшсам Айды.
Жұбатпайды жұрт өздi-өзi,
Бәзбiреулер жұтса қайғы.
Ақымақтың iсiн қылып,
Сәттiк бейне, түсiм жылып,
Мен өмiрдi жұмақ деппiн,
Қиялымда ұшып жүрiп.
Көзге тұнып жанның жасы,
Кiрпiгiме iркiледi,
Арман болып жардың қасы,
Жүрегiме жыр түнедi.
Жалғандығын түсiнгенде,
Өмiр неткен күлкiлi едi.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері