Ойла, ойлашы – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ойла, ойлашы» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Әні бар)

Жанарға кетті жаным тағы
Толып мұң,
Сағынбасаң, күтпесең,
Неге жолықтың.
Селт еткізіп сезімді,
Бар санама оралдың.
Тек өзіңе соғатын,
Самал боп алдым.

Қайырмасы:
Ойла, ойлашы,
Тербетіп шаттығыңмен.
Баура, баурашы,
Баладай пәктігіңмен.
Жүрегіме енші, арманым,
Ардағым, ақ гүлім ең.
Жолықтырмаспын өзіңдей жанды
Жаным-ау, тәтті күлген.

Түнгі аспанның әлемі,
Жұлдыздармен шашылған.
Нөсер қандай әдемі,
Төгіп басылған.
Ғажайыбын ғаламның
Саған ғана сыйылар ем,
Бар гүлдерін даламның,
Сен деп жинар ем.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері