Күн батып барады бір күнімді алып – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Күн батып барады бір күнімді алып» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн батып барады бір күнімді алып,
Барлығына да қанағат дедім.
Тек сол біле ме бір мінімді анық
Оған да үмітпен қарамап па едім?
Санамнан өшіргім келеді өткеннің бәрін,
Өшірмеуге де шарасыз екем.
Медет етемін қыстан соң көктемнің барын,
Себебі панасыз екем.
Кейде, рас, шарасыздығым жаныма батады,
Анамын ғой мен де бесік тербеген.
Бір күнімді ұрлап кеш тағы да батады,
Басынан мұндайды кешіп көрмеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері