Бірте-бірте сарғаяды бар алап – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Бірте-бірте сарғаяды бар алап» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірте-бірте сарғаяды бар алап,
Сары көйлек киіп алды қала, бақ.
Ағаш түбін пана қылған бейбақтың,
Нан сұрайды нәрестесі мамалап.
Ақ арман мен ақ үміттер санада ақ,
Тек соларды жүрген жандай сағалап.
Басқаша өмір бастап кеткім келіп жүр,
Сезімді емес, төзімімді жаңалап.
Бой көтерді тағы да әні, күз үміт,
Ағаштардан жапырақ жас үзіліп.
Жылы жаққа ұшып кеткен құстарға,
Қызғанышпен қарап тұрмын қызығып.
Айтар қысқа қарғалар да шағымын,
Сары алапта сарғаяды сары мұң.
Ағаш түбін пана қылған ананың,
Сірісін-ай, деп ойладым жанының


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері