Бұл бетте «Ақ үміттер» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ үміттер,
Ақ сезімдер,
Ақ бәрі.
Ақ қар басқан
Ақ гүлдерді бақтағы.
Әппақ түнді
Ай сәулесі жетелеп,
Жұлдыздармен
Алмасады ақ таңы.
Өліп сүйем
Дүниенің ақтығын,
Анық білем,
Аққа Құдай жақтығын.
Ақ бұлттармен
Бу боп ұшып кетемін,
Жүрегіме сыймай кетіп
Шаттығым.
Ақ, ақ бәрі,
Ағарады ажарым,
Ақ параққа
Ақ жырымды жазамын.
Арманымның ақ қанатын
Талдырмай,
Тартып кетем,
Ақтығымның азабын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі