Бұл бетте «Жаз да кетті» атты Роза Сейілхан жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жаз да кетті,
Жанымды жабықтырып,
Өлең де жоқ,
Тым-тырыс,
Шабыт тынып.
Өңі қашқан осы бір
Өмір дейтін,
Өтірігімен жіберді
Жалықтырып.
Өксіп, өксіп жылайды
Ұлып ішім,
Сезем анық сезімнің
Ұлы күшін.
Дүр сілкініп кеудемде
Долы жүрек,
Өлімісің дейтіндей,
Тірімісің.
Бұл неғылған тұрақсыз
Өмір еді,
Оны ойласам,
Ойыма ой көміледі.
Қызыл-жасыл әлемнің
Бәрі жасыл,
Не біледі,
Осы жұрт не біледі.
Қыс келеді,
Қыс келсе, күз де өтеді,
Ұл ержетіп,
Күйеуге қыз кетеді.
Өмір жылдам жылжиды
Жылжи келе,
Жанға жақын
Бір жанды іздетеді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі