Бұл бетте «Арқарлы асуында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асуы биік Арқарлы
Арқасын сипай жел сүйіп.
Тастардан соғып қалқанды
Жатқандай жалғыз мелшиіп.
Жақпарлы құздар жаңғырып,
Дауылмен бірге дауыстап.
Көзіңнің жауын алдырып,
Әдейі қашып алыстап.
Басқадан бұрын әуелі
Көк ала басын күн шалып.
Ашылар гүлі әдемі,
Ашуы тарқап жұмсарып.
Бара да қалсаң ол егер,
Жатырқай қоймас асылы.
Жарылып жоны жол берер
Арқарлының асуы.
Тастар ма десек төгілген,
Жайылып жатқан қозы екен.
Асқар ма десек көрінген,
Ақсақалдың өзі екен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі