Қауіпке толы бар маңай – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Қауіпке толы бар маңай» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қауіпке толы бар маңай,
Ішіме бүгем сырымды.
Қаперсіз атқан таңдар-ай,
Кімге айтсам екен шынымды.
Көлгірсіп өтірік күлгеннен,
Шаршасам айтшы, несі мін,
Ойларым сырлас түндермен,
Тербеткен мұңның бесігін.
Апарар ма екен тамұққа,
Қасқа жол мына мен жүрген.
Қанатын қомдап жарыққа,
Көбелек тағдыр мен білген.
Бағындым өмір заңына,
Алдымда бұлдыр елес көп,
Батып жүр бәрі жаныма,
Ол жан да мендік емес тек.
Тоқтамай күндер сырғиды,
Мөлтілдек тамшы секілді,
Кешумен жүрмін бір күйді,
Қайтарды бәрі бетімді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері