Бұл бетте «Мөлдір-мөлдір бұлағым» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөлдір-мөлдір бұлағым,
Моншақ болып төгілді.
Мұңнан ою құрадым,
Мата жібі сөгілді.
Мөңкіп, мөңкіп шабытым,
Мөңкіп алып жөнелді.
Мазам қашты, әлі түн...
Мазақ етем өлеңді.
Мисыз, мисыз санамен,
Меңіреуге айналам.
Миуасы тар әлем,
Мұқтаж жіпке байлаған.
Маңғаз, маңғаз пенделер,
Марапат дерт ендеген.
Мағынасыз өмірдің,
Мәнін іздеп сенделем.
Мөлдір, мөлдір тамшылар,
Мүсіркеуді сүйме сен.
Мұнар көкке ай шығар,
Мүшкіл емес күй кешем.
Мендік күнә бар шығар,
Малай боп бас имес ем.
Менің қолым қан емес,
Мәңгі жан да бөлекте.
Манаураған таң елес,
Маужырайды керекте.
Менде күнә бар болса,
Малай боп та күй кешем.
Мен өлмеймін, өлсем де,
Мәңгілікпен үйлесем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі