Шық – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Шық» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шық, мөп-мөлдір шық,
Көзімнен ағады тамып.
Мұң, тағы да мұң,
Ойымды алады тауып.
Түк, қолымнан түк,
Келетін емес.
Жанымды жаулап,
Барады қауіп.
Із, соңымнан із,
Қалар ма менің.
Мұз, жүрегім мұз,
Алар ма демін.
Сыз, табаннан сыз,
Өткелі қашан.
Асқынған дерттің,
Таба алман емін.
Құм, жігерім құм,
Таппадым бақыт.
Шын, айтпағым шын,
Ақтарып жатып.
Кім, қасымнан кім,
Табылар екен?
Кеудеме кетті-ау,
Жалғыздығымның
Батпаны батып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері