Сезім ғана – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сезім ғана» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн аспанда
Аймен жүр қуаласып,
Қызарақтап кетті ол да
Жыраға асып.
Жалтыраған жақұтты шашып тастап,
Жарық сәуле
Кеткендей тұра қашып.
Ал, түн мылқау...
Бәлкім, ол сараңдығы,
Сезім ғана сүйе ме қараңғыны?
Жұлдыз болып ағып тұр
Түнгі арудың,
Мөлтілдеген көзінде
Тарам мұңы.
Қуып жете бергенде,
Таң атып ап,
Тұрды өзіне әлемді
Қаратып-ақ.
Шыққа айналып кеткен бе
Жұлдыз біткен,
Түнгі жасты кетіпті таратып ап.
Түн қып-қызыл,
Ай аппақ,
Қап-қара түн.
Аққу көлде сермейді
Ақ қанатын.
Бір-біріне жете алмай жүрген кезде,
Келер уақыт
Мәңгіге аттанатын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері