Мен бүгін өзіме оралдым – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Мен бүгін өзіме оралдым» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен бүгін өзіме оралдым,
Таба алмай жүр едім, іздеп.
Бір кездер үн-түнсіз жоғалдым,
Құтқарды ұнатқан күз кеп.
Тәкаппар болған да шығармын,
Сөксін жұрт, сөккісі келсе,
Көкірек толғанда шығардым,
Жұбатсын, өпкісі келсе.
Жанарда сағыныш тұрады,
Шын жақын адамдар ғайыпта.
Мына өмір жаңылыстырады,
Бұйыра көрмеңдер айыпқа.
Теңізге айналып кетсемші,
Толқыны қабатын жағаны.
Сен мені бақытты етсеңші,
Бұл ғұмыр тез өтіп барады.
Жанарда сағыныш тұрады,
Сөксін жұрт сөккісі келсе,
Сезімім жаңылыстырады,
Өпсін мұң өпкісі келсе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері