Өлең – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Өлең» атты Роза Сейілхан жазған поэзия туралы өлең берілген.

Саңлауы бар санаға ар сияды,
Өмір, мені жіберме жындандырып.
Жүрегімнен ағызып қан сияны,
Қойдым білем,
Көп жанға сыр да алдырып.
Асқақтығым ол менің еркелігім,
Ақылымды жеңбесін сезімдерім.
Өкіндірме, өтінем, өрте мұңым,
Мен өзіңмен ей, Өлең, көз ілгемін.
Жынды да дер, есер дер, селт етпегем,
Тағып жүрмін бір ойды тұмар қылып.
Мен емеспін, асау да, тентек те өлең,
Сол Өлеңнен шығады, шығар бүлік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері