Жоғалтқан да шығармын сенімімді – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жоғалтқан да шығармын сенімімді» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жоғалтқан да шығармын сенімімді,
Баса алмасам, кешіңдер, желігімді.
Саған ғана сүйдіріп ерінімді,
Қайтаруға болса ғой, кері күнді.
Бір күніммен бір күнім алмасады,
Бүгініммен қоштасып үлгермеймін.
Тереземнің әйнегін шаң басады,
Мен мұнда емес,
Бір жақта жүргендеймін.
Өмір – шеңбер, келемін шыр айналып,
Көрсеткем жоқ біреуге азабымды.
Сыртым бүтін, ал ішім жылайды анық,
Қаламым жүр, тез ұғып жазарымды.
Мына қала бұл күнде жұмақ қала,
Ақша ғана шешеді мұнда бәрін.
Жүрегіме табылмай бірақ пана,
Тамшы болып тағы да сырғанадым.
Жоғалттым ба білмедім, сенімімді,
Баса алмасам, кеш енді желігімді.
Саған ғана сүйдіріп ерінімді,
Тым бақытты кешсем ғой, сері күнді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері