Сені ойладым көзімді көлбеп бір мұң – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сені ойладым көзімді көлбеп бір мұң» атты Роза Сейілхан жазған мұң туралы өлең берілген.

Сені ойладым көзімді көлбеп бір мұң,
Сағынышты жүректен тербеп тұрмын.
Жанарда тек елесің, өзің жоқсың,
Жалғыздықтан жырымды ермек қылдым.
Жеміс салды алма ағаш бүршік атқан,
Жауабы жоқ шаршадым кіл сұрақтан.
Менің жаным өзіңе таза еді ғой,
Қылаң берген секілді кірсіз ақ таң.
Кешірімшіл едім мен, кешір, десең,
Кінәлі де емессің, несін кешем.
Кеудемдегі маздаған қызуы оттың,
Өртеп кетер болмайды өшірмесең.
Маздасыншы, қоздасын жанған шырақ,
Күн кешеміз, қайтеміз жалғаншылап.
Қинайтыны несі екен санадағы,
Өзің жайлы жауапсыз қалған сұрақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері