Бұл бетте «Шортан» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балықшы деп біледі,
Біздің ауыл көкемді.
Қыстың күні ол өзі,
Шортан ұстап әкелді.
Шабақты көп асайтын,
Шортанды біз аш дедік.
Сұрақ қойдым басы айқын;
«Шортан неше жаста еді?»
«Шортанның әр жасына,
Сәйкес аты бар тағы.
Шортанды бір жасында,
Кілегей деп айтады.
Екі жаста – қылағай,
Үш жасында – шорағай,
Ал шынтақтан асқанда,
Нағыз шортан қомағай».
Осылай деп көкеміз,
Айтып берді барлығын.
Сол шортанның етінен,
Дәм татамыз ал бүгін.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі