Менің ағам

Бұл бетте «Менің ағам» атты Ақылбек Шаяхмет жазған бауыр туралы өлең берілген.

Менің ағам керемет,
Тұрған бойы – бір сурет.
Созса қолын түрекеп,
Бұлтылдайды бұлшық ет.
Айтқан сөзді тыңдайды,
Жүрмейді бос сенделіп.
Жалғыз өзі бір тайды
Әкетеді өңгеріп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері