Хабарсызбын – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Хабарсызбын» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Хабарсызбын,
Тым ұзақ кешіккесің,
Мылқау күйде мелшиген
Есікте өшім.
Менің мынау
Мұңдылау күндерімнен,
Хабарсыз жат,
Құлағың есітпесін.
Ұқсас күндер,
Меңіреу, қала тыныш.
Өзіңсіз де алғанмын
Жаңа тыныс.
Өз билігі өзімен кешкен ғұмыр,
Сен де, мен де,
Бәрі де жаратылыс.
Сені күтем,
Мен емес, тосқан бірақ,
Тостағанға үміт қой,
Қосқан бұлақ.
Өмір әні,
Дүние алма-кезек,
Кеше гүлдеп,
Ал бүгін
Бос қалды бақ.
Хабарсызбын,
Көп болды хабарым жоқ.
Шуақ шашқан
Сөнгендей
жанарымда от.
Сені сүйген
ерекше жүрегімнен,
Ағып тұрды бір тамшы
Қара мұң боп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері