Бұл бетте «Бақытты екенмін» атты Роза Сейілхан жазған бақыт туралы өлең берілген.
Бақытты екенмін,
Сол шақта – бала күндерде,
Келгенде көктем,
Толғанда дала гүлдерге.
Оңаша жүріп ойланам,
Ойларым ойран,
Баянсыз өмір
Сығалап барады іргемде.
Бақытты едім ғой,
Бақытты білмегенде де,
Бақытты болып жолыққам
мұң дегенге де.
Бақыттымын ғой,
Бақытты бола да берем,
Масайрап, шалқып,
өмірін сүрмегенде де.
Бақытты болғам,
Сүйіп қап жылағанда да,
Табыстырып ап айырған,
Дін аман қала.
Бақыт дегенді сезінтіп
Ең алғаш рет,
Бақытты да еткен,
Соңғы рет бір адам ғана.
Болмасын, болсын,
Бәрін де татып кетермін,
Қайғының мейлі, түбіне
Батып кетермін.
Арамдығынан адамның
Сақташы, Құдай,
Мен сонда ғана
Өзімді бақытты етермін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі