Сыймайды екем ауылға түсінгенім – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сыймайды екем ауылға түсінгенім» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сыймайды екем ауылға түсінгенім,
Алай-дүлей бұл күні ішім, демім.
Сыртым бүтін болғанмен бір тозақтың,
Түсініксіз әлемнің ішіндемін.
Мұз құрсанған сияқты қала маған,
Қандай жазам жанымды жаралаған.
Бәрі суық әйтеуір айналамның,
Әлденеге алаңдап, мазаланам.
Таудың қызы ем, биікті шын қалаған,
Нені таптым, нені іздеп бұл қаладан.
Жалған күліп жайымды жасырғанмен,
Қайда тығам көзімді мұң қамаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері