Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы –
Роза Сейілхан
Бұл бетте «Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы,
У-ға айналып бақыттың бал шырыны.
Жүрегімде, ішінде жүрегімнің,
Жақсылардың енгізген бар сынығы.
Кінәласын, теңесін есалаңға,
Не жетпейді тәйірі осы адамға.
Сезімсіздер «жылайсың неге», – дейді,
Қуаныштан көңілің босағанда.
Бұл буы емес, жастықтың кірген есі,
Күдіктенбе, өтінем, үндемеші.
Еркеледі дей көрме, бұл әншейін,
Әйелдердің назы ма бірдеңесі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі